ГлавнаяРегистрацияВход Мой сайт Среда, 01.05.2024, 07:18
  Тексты песен Приветствую Вас Гость | RSS

 
 

Тексты казахских песен

Песня: «Әлия»

Исполнитель: Роза Рымбаева

Қобда, Нева суларын сүйіп өскен
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен
Аққу құстың бейнебір баласындай
Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен

Қайырмасы:
Әлия - ару қызы сен халқымның
Әлия - батыр қызы сен халқымның
Ерке құсы сен даламның!

Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан
Саған күнде қызыққан мөлдір аспан
Саған күнде жазылған көркем дастан
Саған күнде құшағын көктем ашқан

Қайырмасы:
Әлия - ару қызы сен халқымның
Әлия - батыр қызы сен халқымның
Ерке құсы сен даламның!

Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық
Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып
Туған жердің төсінде мәңгілікке
Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып

Песня: «Шақырады көктем»

Исполнитель: Роза Рымбаева

Елестеттім көктемді гүл ашқан,
Көздеріңе ғашықпын нұр шашқан.
Алыстарға жетеле, еремін.
Сені ғана бақыт деп сенемін.

Қайырмасы:
Арманымдай алдағы,
Ақ шуақтай таңдағы,
Аялай бер арманым, аялай бер!
Сандуғаштар жырлаған,
Көктемдерге бір барам,
Шақырады біздерді көгорай бел!

Қолыңды бер, жатсынба, арманым,
Сәуледей боп аяла таңдағы.
Шақырады жас көктем гүлімен,
Шақырады жасыл бақ жырымен.

Қайырмасы:
Арманымдай алдағы,
Ақ шуақтай таңдағы,
Аялай бер арманым, аялай бер!
Сандуғаштар жырлаған,
Көктемдерге бір барам,
Шақырады біздерді көгорай бел!

Песня: «Атамекен»

Исполнитель: Роза Рымбаева

Кең далам!
Толғанайын, толғайын.
Домбырам!
Қолға алайын, жырлайын.
Қазағымның даласындай,
Көзімнің қарасындай,
Айналдым сенен, Атамекен-ай!
Теңіздей
Тебірендім, тербедің.
Сапарда
Сағынышым сен менің.
Дүние сырларындай,
Мөлдіреп тұрғанындай,
Сағындым сенен, Атамекен-ай!
Сағыныш мұңдарындай,
Айналдым сенен, Атамекен-ай!

Қайырмасы:
Бақыт тұнған күндер-ай!
Жұлдыз тамған түндер-ай!
Өзің куә өмірде,
Кімдер өтті,
Кімдер-ай!
Атамекен-ай!

Ғажап-ау,
Атамекен ғаламат!
Бір саған
Тағдырымыз аманат.
Қымбатты – даламыздай,
Сымбатты – анамыздай,
Айналдым сенен, Атамекен-ай!
Арымдай – тірегімдей,
Жанымдай – жүрегімдей,
Айналдым сенен, Атамекен-ай!

Песня: «Ауырмайды жүрек»

Исполнитель: Қайрат Нұртас

Жастықтың жалынды бір күні еді,тым ерекше атты таңдары-ай
Көздеріңе көзім байланғанда, жүрек тулап оттай жанғаны-ай
Неге ояттың мені жүрмедің бе, ой-санамды мәңгі жауламай
Неге ғана маған кездестің сен, ғашық болдым қалай аңдамай?..

Қайырмасы:
Ауырмайды жүрек,ауырмайды,сенсіз өткен күндер болмаса
Ауырмайды жүрек,ауырмайды,сені ойлатқан түндер болмаса
Ауырмайды жүрек,ауырмайды, мөлдіреген көзің болмаса
Ауырмайды жүрек,ауырмайды, сүйем деген сөзің болмаса..

Жалындаған сол бір жаздың әнін, күз нөсері енді жалғасын
Ауырады жүрек, ауырады ,ауырады жүрек болғасын
Бізді емес ол жақ жылы дейме, самғай бер қанатың талмасын,
Жылатасың-дағы жұбатасың, әрбір сөзің атқан қорғасын

Қайырмасы:
Ауырмайды жүрек,ауырмайды,сенсіз өткен күндер болмаса
Ауырмайды жүрек,ауырмайды,сені ойлатқан түндер болмаса
Ауырмайды жүрек,ауырмайды, мөлдіреген көзің болмаса

Ауырмайды жүрек,ауырмайды, сүйем сөздер болмаса..

Песня: «Жүрегім менің»

Исполнитель: МузАРТ

Қайран менің жүрегім, жас жүрегім, 

Көктем едің бір кезде тасқын едің. 

Жастық даурен, жалтақтап қарайлайсың, 

Сені ойласам ұйқым да қашты менің, қашты менің 

Қайран менің жүрегім қыран құстай, 

Қанат барда шыдайсың қайтып ұшпай.

Оңашада жылайсың ағыл-тегіл 

Қаларың да белгісіз қайсы тұста, қайсы тұста

Өкінбеймін, күн зулап өте берсін 

Кейінгілер, жүрегім, сені көрсін.

Жырым мені ешқашан өлтірмейді, 

Әнім, мені алысқа жетелерсің, жетелерсің.

 

Детские песни

Песня: «Айгөлек-ау айгөлек»

Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында
Кемерінен шалықтап,
 Асып шатқан шағында
Ойын ойнап, ән салмай
Өсер бала болар ма
Күміс күлкі көрмей ол
Кемеліне толар ма.

Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде  3 рет
Би билеймін дөңгелеп.

Асыл сөздің ұстасы-
Ақын болар ұрпақпыз
Өнер, білім, еңбекке,
Жақын болар ұрпақпыз
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз,
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз.

Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде   3 рет
Би билеймін дөңгелеп.

Песня: «Менің шөжелерім»

Авторы: Н.Мүталлибов, Г.Гусейнли,
Перевод: М.Әлімбаев

Шеп, шеп, шеп, шөжелерім,
Шеп, шеп, шеп, шеп, шөжелерім!
Мамық жүнді шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім.
Кек шалғында жайылыңдар,
Тез,келіңдер,жайылым бар.
Әй, менің шөжелерім,
Әй, менің шөжелерім,
Балғын бөбек, шөжелерім.
Шеп, шеп, шеп, шөжелерім,
Шеп, шеп, шеп, шеп шөжелерім!
Мамық жүнді шөжелерім!
Нәзік үнді шөжелерім.
Не жейсіндер,мен берейін.
Су берейін, жем берейін.
Әй, менің шөжелерім,
Әй, менің шөжелерім,
Балғын бөбек шөжелерім, шеп. 3 рет.
Тез-ақ өсіп толарсыңдар,
Ақтауықтай боларсыңдар.
Әй, менің шөжелерім,
Әй, менің шөжелерім,
Балғын бөбек шөжелерім. 3 рет
Шеп, шеп, шеп шөжелерім,
Шеп, шеп, шеп, шеп, шәжелерім.
Мамық жүнді шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім, шеп. 3 рет

Песня: «Кеш жарық»

Авторы: Ә. Асылбеков, А. Қоразбаев
Кел балақай, кеш жарық!
Келіп жүрме кеш қалып.
«Кеш жарықтан» бастайық,
Көп қызықты еске алып.

Қайырмасы:
Көңілдерге қонып нұр,
Кешкі мезгіл болып тұр.
Кеңейеді ой-сана,
«Кеш жарықты» көріп тұр.
Кеш жарықты көресің,
Қуанышқа енесің.
Жамандықтан жиреніп,
Жақсылыққа ересің.

Қайырмасы:
Құлақ түре қалдың ба?
Қызығына қандың ба?
Мультфильмдер мың түрлі,
Ертегілер — алдыңда.

 
 
Поиск

 

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный хостинг uCoz